Previous Page  187 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 200 Next Page
Page Background

Дін мен Діл-2

187

төмендегі адамдарды ақшасынан қағып пайда табу ислам-

да – харам. Толығырақ түсіндірер болсақ, бір-біріне шын-

жырлана отырып тіркелген бұл желілік маркетингі бір

жерде міндетті түрде тоқтайды. Себебі, Аллаһтан басқа

ешбір нәрсе мәңгілік емес. Оның тоқтауына көптеген се-

бептер бар. Компания басындағы адамдар сотты болып,

яки басқа бизнестерінде сәтсіз болып қарызға батқан

жағдайда, немесе мемлекет сауданың бұл түрінің ел эко-

номикасына зияндығын байқап тыйған жағдайда, соғыс

бола қалған жағдайда т.б. себептермен шынжырланған

бұл желілік маркетинг бір жерде тоқтайтыны анық. Ал

енді тоқтаған жағдайда пирамида жолымен қаланған

бұл маркетингтің басындағы адамдар ғана салған өз

ақшаларын шығарып, пайдаға кенеледі де, төмендегі

көптеген адамдар қалтасынан қағылады. Математикалық

нақты есепке жүгінер болсақ, мысалы, бұл маркетингке

2047 адам тіркелді делік. Сосын бұл жұмыс әлде бір се-

бептермен тоқтады дейік. Бұл жағдайда 2047 адамнан 127

адам ғана салған өз ақшаларыншығарып, пайдаға кенеледі

екен де, 128 адам салған ақшаларының 500 долларын, 256

адам 250 долларын ғана қайта алады екен. Ал қалған 1526

адам салған ақшаларының бір тиынын да шығара алмай-

ды. Жалпы алғанда 127 адам ғана пайда тауып, 1920 адам

ұтылады. Ал 2047 адамның салған ақшасының 1 371 490

доллары шет ел асып, осы жүйені құрған алаяқтардың

қалтасына түседі екен. Ал, енді 1920 адамды ақшасынан,

уақытынан, қуатынан, болашағынан қағып, 127 адамды

ғана ақшаға кенелткен сауданың бұл түрі исламды былай

қойғанда, адамгершілік тұрғысынан да дұрыс емес екені

сөзсіз. Құранда:

«Ей, иман келтіргендер! Бір-біріңнің

мал-мүліктеріңді арам жолмен жемеңдер!»

(

«Ниса»

сүресі, 29-аят) делінген. Жоғарыдағы келтірген есепте 1

концессиямен (бір концессия – 670 доллар) кіріп, оң жақ