188
Дін мен Діл-2
және сол жағы төмен қарай тең жүрген 2047 адам ғана
есептелді. (Ескерту: Бұл көрсеткіш осы маркетингте
көптен жұмыс істеп жүрген кейбір адамдар тарапынан
есептелді). Ал Қазақстанда қазір (06.02.2009) QI компа-
ниясына 6000 мыңға жуық адам тіркелген. 4 000000 мил-
лион АҚШ долларына жуық ақшаның шетел асқандығына
байланысты ақпарат бар.
Белгілі бір адамдарды ұтқызып, енді бір адамдарды
ұтылдыратын және адамдарды құлшылық пен өмірдегі
негізгі істеріне салғырт қарата бастайтын жүйе – Ислам
бойынша құмарлыққа жатады. Ал оның харам екені дау-
сыз.
Алтыншыдан, ел экономикасына да аса зиянды.
Нарықтағы шынайы бағасы белгісіз, көбіне сатып алған
адамдарға бірінші кезекте қажет емес, тіпті, олардың өмір
сүру стандартына сай емес удай қымбат коллекциялық
тауарлардың қарымында ел ақшасын сан түрлі айламен
жиып, шет ел асырып жіберудің қаншалықты зиянды
екені айтпаса да түсінікті. Бұл компанияға тіркелген
адамдардың саны 5-6 миллионға жеткен кезде ұтылатын
адамдар мен шетелге шығарылған ақшаның мөлшері
қандай екенін есептеу, әрине, қиын емес. Әсіресе,
қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде желілік маркетингтің
ел экономикасына өте зиянды екенін түсінуіміз қажет.
Миллиондаған ақшаның шетелдер асқанын байқаған
Шри-Ланка секілді кейбір мемлекеттерде қума сауданың
бұл түріне ресми тыйым салынған.
Жетіншіден, бұл маркетингтегі адамдардың саны
көбейген сайын қажетті түрлі мамандықтар тапшы бола
бастайды да, бара-бара тепе-теңдік жоғалып, еңбек күші
қисынсыз пайдаланылғандықтан қоғамда әлсіреу және
кері кету көрініс табады. Себебі, адамзатқа бірінші ке-
зекте керек емес, коллекциялық қымбат заттарды сату-