Previous Page  186 / 200 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 200 Next Page
Page Background

186

Дін мен Діл-2

ол кісілер сүтсіз қара шай ішіп отыр. Мен ойлағанмын

жұмысқа тұрған соң өзімнің үлкен командамды жинап,

осы сиырдың орнын қайтарып, көптеген армандарымды

орындаймын деп. Бірақ бұл жұмыс мен ойлағандай бол-

май шықты. Мұнда әр адам өзінің ең жақын досына сеніп

кіреді және арманыңды орындаймын деп жүріп бәрін де

ұмытасың. Егер де бұл жұмысты тоқтатамын деген кезде

арманыңды тастап кете алмайсың. Сол себептен осында

шыға алмай жұмыс істеп жүре бересің.

Менің жас студенттерге және бұл компа-

ния туралы білмейтін азаматтарға айтарым. Бұл

жұмысқа тіркелмеңіздер мен жасаған қателікті сіздер

қайталамаңыздар. Себебі, әр адам өз арманын орындауға

болады. Өз орнымен, таза жолмен, өз еңбегімен ғана».

***

Менің есімім Данияр. Абылайхан атындағы шет

тілдері және халықаралық қатынастар университетінің

3-курс студенті болғанмын. 2008 жылы шілде айын-

да QI компаниясына тіркелдім. Шақырушы адамның

қызықтыруымен. Тіркелу себебім өмірімді жақсы жаққа

өзгерту еді. Бірақ, мен қандай жетістіктерге жеттім?

Бірінші жетістігім 7 айда алғашқы 250$ ақшамды алдым

(80000 сала отырып). Екінші жетістігім, бүкіл уақытымды,

күшімді осы жұмысқа арнадым. Үшінші туысқандарым,

достарымнан айрылдым. Төртінші, оқудан шығып

қалдым.

Жастардың осы жұмысқа тіркелмеулерін сұраймын.

Себебі, тіркелген соң көптеген адамдар зардап шегіп жа-

тыр. Мен және менің командам зардап шеккендіктен, осы

жұмысты толығымен тоқтаттым.

***

Бесіншіден, маркетингтің бұл түрінде басындағы

адамдар пайда тауып, төмендегілер ұтылады. Ал