184
Дін мен Діл-2
мыма жұмысты тағы да түсіндіріп бер (фоллоу (follow)
қойып бер) деп ескертеді. Екеуі кездесіп, әңгімелесіп
отырған кезде алдын ала ескертілген әлгі лидер кездейсоқ
келе қалады. Сөйтіп лидер екеуі кездейсоқ кездескен бола-
ды да, шақырылған адамға
«айтпақшы, мына кісі де осы
компанияда жұмыс істейді. Көптеген жетістіктерге
жеткен»
деп әңгіменің бағытын осы маркетингке
бұрады. Сол кезде әлгі лидер шақырылған адамға тағы да
фолллоу (follow) қойып, жұмысқа қызықтырады. Өзінің
кезінде ақшасыз жүргендігін, осы жұмысты тапқаннан
кейін автокөлік алғандығын т.б. материалдық тұрғыдан
қол жеткізген жетістіктерін майын тамызып отырып ай-
тып береді. Фоллоу (follow) бір адамға жоқ дегенде 4 рет
әртүрлі лидерлермен өтірік кездейсоқ кездестіру арқылы
қойылады. Осы
«фоллоулардың»
(follow) арқасында
«жоқ»
деп отырған адам өзіне керексіз қымбат затқа
қалай тапсырыс беріп, компанияға қалай тіркеліп кеткенін
білмей қалады.
Кімнен қарыз аламын деген адамға былай дейді:
«Сенің мысалы, ақшаң болса, қай туыс яки таныстарыңа
көмектесер едің, солардың тізімін жаз (100 кісіден
кем болмауы керек)».
Әлгі кісі байыған жағдайда өзінің
көмектескісі келген кісілерінің аттарын тізіп отырып жа-
зып береді. Мұны күтіп тұрған әлгі адам енді оған былай
дейді:
«Ал енді сен қиын жағдайға тап болсаң, осы кісілер
саған қанша теңге көмектесе алады, соны жаз»,
- дейді.
Жазып болғаннан кейін: Енді, сен қазір осы кісілерден
барып қарыз ал. Себебі сен қазір қиын жағдайда тұрсың.
Тағдырыңды шешетін бизнеске кіре алмай қиналып
тұрсың» деп қарыз алудың жолын көрсетіп береді.
«11 баспалдақ»
атты кітаптың 21-бетінде былай
делінеді:
«Кісі ақша тапқан жағдайда басқа жаққа
жұмсап тастамауы үшін сен оны одан дереу алып ал»
.