Previous Page  10 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 216 Next Page
Page Background

10

Қажылық

Мекке

Мекке – мұсылмандардың қасиетті шаһары, оның

«мүкәррәмә» («аса кадір тұтатын») деген теңеуі бар.

Алла тағаланың сөзі жазылған Құран кәрімде Меккені

«Умм әл-қура» («қалалардыңАнасы»), Бекке (шаһардың

көне атауы), «әл-Бәләд әл-әмин» («Қауіпсіз қала») деп

те атайды.

Мекке мүкәррәмә – Адам Ата мен Һауа Ананың

өмір сүрген жері, бұл қасиетті жерде Ибраһим пай-

ғамбар мен Исмайыл пайғамбар (

ғалейһима-с-сәләм

)

халыққа уағыз айтқан. Мекке мүкәррәмә - Мұхаммед

пайғамбарымыздың (

с.а.с.

) кіндік қаны тамған жер.

Осы қасиетті мекеннен Ислам дінінің ақиқат жолы

бастау алады.

Мекке Қызыл теңіз жағалауындағы Жидда қала-

сынан 74 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан.

Қала теңіз деңгейінен 279 метр биіктікте.