8
Қажылық
Үстіне әшекей тақпайды, әтір сеппейді, май
•
жақпайды.
Басына тақия кимейді, беті ашық болады.
•
Сақал-мұртын, шашын, тырнағын алмайды.
•
Аң ауламайды, балық ұстамайды, жәндікті
•
өлтірмейді. Аңшылық жолмен ұсталынған
жануардың етін жемейді.
Жыныстық қатынасқа түспейді. Сүюсуге,
•
құмарлық сезім оятуға болмайды. Үйленуге,
біреуді үйлендіруге, атастыруға, құдалық
түсіруге болмайды.
Әйел адам ихрам кезінде үстіне қалаған киімін
киіп, басынажаулық тағады. Беті менқолдары(білезікке
дейін) ашық болады. Әйел адамға паранжа, саусақты
қолғап киюге болмайды. Үстіне әтір себуге, не хош иіс
сіңген киім киюге тыйым салынады. Сонымен қатар
опа жағып, қынамен боянуға болмайды.
Міне, ихрам хал-күйі біткенше қажы осы
қағидаларды берік ұстайды. Алайда, қажы абайсыздан
осы қағидалардың біреуін бұзса, онда ол күнәсіна бай-
ланысты үш түрлі айыптың біреуін тартады: үш күн
ораза ұстайды, не алты мүсәпірді тамақтандырады,
не қой сояды. Ал егер ихрам кезінде қажы жыныстық
қатынасқа түссе, онда оның қажылығы қаза болады.
Ихрам хал-күйіне түскеннің ең басты белгісі -
тәлбия айту. Тәлбия Алла тағалаға мақтау айтатын
мына сөздерден тұрады: