5
Қажылықтың мерзімі
Мұсылман күнпарағындағы он екінші айды «Зүл-
хижжа» («Қажылықтың айы») деп атайды. Осы Зүл-
хижжа айының 8-12 күндеріМұхаммед пайғамбарымыз
(
с.а.с.
)
1
белгілеп беріп кеткен қажылықтың негізгі
рәсімдері (манасиктері) орындалады.
Һижра жыл санауындағы қажылықтың осы нақты
белгіленген күндері григориан календарындағы алдағы
жылдары болатын мына күндерге сәйкес келеді:
1431 һижра жылында – 13-17.11.2010 ж.,
1432 һижра жылында – 2-6.11.2011 ж.,
1433 һижра жылында – 22-26.10.2012 ж.,
1434 һижра жылында – 11-15.10.2013 ж.,
1435 һижра жылында – 1-5.10.2014 ж.,
1436 һижра жылында – 20-24.09.2015 ж. …
Сонымен қажылық дегеніміз – бірнеше әдет-
ғұрыптардан, діни жоралардан, салт-дәстүрлерден
тұратын Исламның қазығы.
1
(с.а.с.) – «
салла-л-лаһу ғалейһи уә сәлләмә
» – «Алла оны
жарылқасын және қолдасын» деген мағына береді. Мұхаммед
пайғамбарымыздың атын атағанда бұл сөз тіркесі міндетті түрде
қосылып айтылады. Сол сияқты басқа да пайғамбарларды еске
алғанда осы сөз тіркесін немесе оның қысқарған түрі «
ғалейһи-
с-сәләмді
» (ғ.с.) қосып айтады.