Previous Page  6 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 216 Next Page
Page Background

6

Қажылық

Ихрам

Ихрам – қажылық кезінде қасиетті жерге аяқ ба-

сып, ақ киім кию. Қажылардың киетін ақ киімін де их-

рам деп атайды. Ол «рида» және «изар» деп аталатын

екі кесек ақ матадан тұрады, мата инеден өтпеген бо-

лады.

Ихрам хал-күйіне түсетін жерді «миқат» деп атай-

ды. Мәселен, ұшақпен ұшып келетін қажылар Жиддә

қаласынан ихрам хал-күйіне түссе, кемемен жүзіп

келетін қажылар Қызыл теңіз жағасындағы Рабиғ деген

шағынқаладанихрамхал-күйінетүседі.Алқажылықтан

бұрын Мәдина қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың

(

с.а.с.

) қабіріне зиярат қылған мұсылмандар Меккеден

437 км., ал Мәдинадан 10 шақырым жерде орналасқан

Зү-л-Халифа ауылынан ихрам хал-күйіне түседі.

Көп жағдайда шартараптан келетін қажылар Сауд

Арабиясына ұшатын ұшаққа кірердің алдында ихрам

киімін киіп, ихрам хал-күйіне түседі.