9
Оқылуы:
Ләббәйкә аллаһумма ләббәйкә
ләббәйкә лә шәриикә ләкә ләббәйкә
иннә-л-хәмд уа-н-нығма ләкә уә-л-мүлк
лә шәриикә ләкә.
Мағынасы:
Міне, мен Сенің алдыңдамын, Иә, Алла, алдың-
дамын, Алдыңдамын. Сенде серік жоқ. Алдыңдамын.
Шындығында, Саған бар мақтау мен жақсылық және
билік. Сенде серік жоқ.
Қажы ұйқыдан оянғанда, жоғарыдан төмен
түскенде, не төменнен жоғары көтерілгенде, отырған-
да, тұрғанда, әрбір намаздан кейін тәлбияны дауыстап
айтады. Әйел қажылар тәлбияны өзі еститін үнмен ай-
тады.
Сөйтіп, мұсылман адам ихрам хал-күйіне түсіп,
Мекке мүкәррәмә шаһарына келеді.