Previous Page  7 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 216 Next Page
Page Background

7

Сонымен ихрам хал-күйіне түсердің алдында

мұсылман қажылыққа баруға ниет қылады, сақал-

мұртын күзеп, не қырып, қолтық, шат жүндерін,

тырнақтарын алып, денесін бастан аяқ толық жуады.

Осы шарттарды орындап болғасын қажы

«ләббәйкә

аллаһумма хәжжән» (

«Иә, Алла! Міне, мен Сенің

алдыңда қажымын») дейді.

Сосын ихрамды жалаңаш денесіне киеді: изар-

ды беліне орайды, ал риданы сол иықтан асырып,

кеудесі мен арқасын жабады. Ихрамды кигесін қажы

екі рәкәттан тұратын «Сүннет әл-ихрам» намазын не

мезгіл намазды оқиды.

Ихрам хал-күйі кезінде қажы адам мына

қағидаларды қатал ұстайды:

Ихрамнан басқа киім кимейді.

Аяққа тобықты жаппайтын ашық аяқ киім

киеді.

Миқат жерлердің Мекке-

ден ара қашықтығы

1. Зү-л-Халифа – 437 км.

2. Рабиғ – 204 км.

3. Жидда – 73 км.

4. Билбәләм – 94 км.

5. Тайф – 88 км.

6. Қарн әл-Мәнәзил – 94км

7. Зат Ғирақ – 98 км.