Previous Page  4 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 216 Next Page
Page Background

4

Қажылық

Қажыға барып келгенше бала-шағасына жететін

қаражаты болу және қажылық жасауға шамасы

жететінін сезіну.

Бар жасаған қиянаттарын мойнына алады. Өзін

ренжіткен адамды кешіреді.

Қажылыққа кететін қаражатына, жолшығынына

өкінбейді. Қажылыққа жұмсалатын пұл адал

жолмен табылған болу керек.

Жиналған ақшадан зекет салығы алынады.

Қайыршы, мүсәпірлерге садақа таратады.

Меккеге барып-қайтуға мұсылман адамның шама-

шарқы жететінін мына үш жағдаймен анықтайды:

а) Денсаулығы жол сапарына, қажылықтың әдет-

ғұрыптарын орындауда төзімді болу керек.

ә) Жол амандығы, яғни сапар шегетін жолда соғыс

қаупі, ұры-қарақшылар болмау керек. Егер он-

дай кауіп-қатерлер байқалса, онда қажылықтан

бас тарту күнәға жатпайды. Алайда, мұсылман

қауіп-қатерге бас тігіп, қажыға барса, оның

қажылығы қабыл болады.

б) Сауд тарапының талабы бойынша қазіргі уақыт-

та қажыға ұшақ не кемемен баруға болады.

Әйел де еркек секілді қажыға барады. Алайда,

күйеуге шыққан әйел қажыға барғысы келсе, алдымен

күйеуінен рұқсат сұрайды. Егер әйел алғаш рет қажыға

барғалы тұрса, онда күйеуі міндетті түрде рұқсат

береді. Ал егер әйел адам қажыға екінші рет барғалы

тұрса, не бірнеше рет барған болса, онда ол күйеуінің

айтқанын тыңдайды. Әйел адам қажыға күйеуіне еріп,

не туысқанымен ғана бара алады.