Previous Page  133 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 298 Next Page
Page Background

133

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

дереу ұмтылып, орындауға сұранып тұратын. Оның

осы жақсы ахуалы Аллаһ Расулінің (с.а.у.) мүбарак

ілтипатын тартқан еді. Бірақ өлім сәті келгенде осы

жігіт шәһәдәт кәлимасын айта алмайтын жағдайға

түсті. Мәселе Пайғамбарға (с.а.у.) білдірілді. Аллаһтың

Пайғамбары (с.а.у.) ол жігітті жақсы көргендігі үшін

қасына барып, не болғанын сұрады. Жігіт сонда:

-Уа, Расулаллаһ! Жүрегіме құлып сияқты бір

нәрсенің ілініп тұрғанын сеземін, – деді.

Әлемнің Мырзасы төңірегіндегілерден бұл жігіттің

шәһәдәткәлимасынайтуынабөгетболатынкемшілігінің

болған-болмағанын сұрады. Сұрастырыла келе сол

жігіттің анасын қинағаны және сол себепті анасының

реніште болғаны белгілі болады. Аллаһ Расулі (с.а.у.)

жігітке деген мархабатынан және ол істеген жақсы

істердің құрметіне пейілі түсіп, ұлына ренжіп жүрген

анасын шақыртып одан:

- Бір адам үлкен от жағып, ұлыңды соған лақтыра-

мын десе разы боламысың? – деп сұрады.

Мұңлы ана:

-Жоқ, уа Расулаллаһ! Разы болмаймын! – деді.

Пайғамбар (с.а.у.) сонда:

-Ондай болса ұлыңның саған істеген қателерін кешір,

аналық хақыңды кеш! – деп айтты.

Әлемнің Мырзасының бөтеннің баласына көрсеткен

теңдессіз мейірімі мен қамқорлығына кілт оянған

ананың жүрегіндегі аналық махаббаты әрі мейірімі

буырқанған өзендей асып тасты да, мұңды ана ұлының

бүкіл қателерін кешірді. Ұлында кеткен ақысының

бәрін де кешті. Осындай ғапу самалының есуімен

жүрегіндегі құлыптан құтылған Алқама алдына

шыққан өтілмес бөгетті асып өткен өзендей тыншып,

асқан бір қуанышпен шәһәдәт кәлимасын толық оқып,

көңіл рахатымен жан тапсырды.