131
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Сені зікір етейін, сонымен саған дұға қылайын, – деді.
Аллаһ Тағала:
- « », де!- деді.
Мұса (ғаләйһиссәләм):
-Уа Раббым! Бұл сөзді бүкіл құлдарың айтып жүр,
– деді.
Аллаһ Тағала қайтадан:
- « », де!– деп бұйырды.
Мұса (ғаләйһиссәләм):
-Уа, Раббым! Мен өзіме ғана арналған нәрсені
білдіруіңді сұраймын, – деді.
Сонда Аллаһ Тағала:
- Ей, Мұса! Жеті қабат көк пен жеті қабат жер
таразының бір жағына қойылса, екінші жағына « »
қойылса, кәлима олардан ауыр басады, – деді»
.
1
Хазіреті Сүлеймен жындар мен адамдардан құрал-
ған айбынды әскерлерімен бір жерден өтіп бара
жатады. Сол жерде құмырсқалардың илеуі болатын.
Құмырсқалардың патшасыХазіреті Сүлеймен мен оның
қалың әскерін көргенде:
-Ей, құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер, Сүлеймен өз
әскерімен сендерді байқаусызда езіп кетпесін! Хазіреті
Сүлейменнің салтанаты орасан зор, езіліп қаласыңдар!
Ұяларыңа кіріңдер! – деді.
Аллаһтыңнығметіменхайуанаттың тілінде түсінетін
Хазіреті Сүлеймен (ғаләйһиссәләм) бұл сөздерді естіп
қалып былай деді:
-Жоқ олай емес! Менің сұлтандығым уақытша! Менің
осы дүниелік өмірім де шектеулі. Ал тәухид кәлимасы
жеткізетін бақыттылық шексіз, мәңгі!
Хадис шәрифте былай айтылады:
« » сөзі Аллаһ үшін өте бағалы, қымбат әрі ұлы