136
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Аллаһ Расулі (с.а.у.):
-Алдымен мұсылман бол; сонан кейін соғыс! – деп
бұйырды.
Сауыт киген сол батыр толқынған көңіл күйімен
куәлік сөзін айтып алды да дереу соғысқа кірісіп кетті.
Көңілінде атқан таза иман бүршіктерінің шаттығы
толқып, табандылықпен соғысты. Ол ақыры шейіт
болды. Оның шейіттік шербетін ішкенін көрген
Пайғамбарымыз күлімсіреді де шәһәдәт кәлимасы
сұлтандығына жеткен бұл сахабасы туралы:
«Аз істеді, көп тапты!.» – деді.
Шәһәдәт кәлимасының Ерекшелігі
Аллаһтың Расулі (с.а.у.) былай деген:
«Жаратылған әрбір нәрсемен Аллаһ Тағаланың
арасында бір перде бар. Бірақ « » – деген куәлік сөзіне
және бір әкенің баласы үшін еткен дұғасына ешқандай
перде жоқ».
1
«Бес түрлі қараңғылық және бұларға қарсы бес түрлі
жарық бар:
а. Дүние махаббаты бір қараңғылық, ал жарығы
тақуалық.
ә. Күнә бір қараңғылық, ал жарығы тәубе ету.
б. Қабір бір қараңғылық, ал жарығы:
« » зікірінде үнемі болу.
в. Ақірет бір қараңғылық, ал жарығы салиқалы
(адал) амалдар.
г. Сират көпірі бір қараңғылық оның жарығы нақты
әрі күшті иман».
Осы жарықтармен көңілін нұрландырған кісі
мәңгілік бақытқа жетеді.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) айтады: