142
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
болмас еді. Бұл сонымен бірге оларға сабақ болды да
бұдан кейін Пайғамбардың бұйрығына теріс келетіндей
әрекетті әсте істемейтін болды.
3. Ислам келтірген иләһи өлшеулердің бір бөлімін
немесе барлығын ұнатпау.
4. Дүние өмірін ақірет өмірінен артық көріп осыфәни
әлемді ең басты мұратына айналдыру. Аят кәримде
айтылады:
«...Олар дүние өмірін ақіреттен артық көреді, Аллаһ
жолынан тосып қалып, оның күйреуін қалайды. Міне,
осылар тым қатты адасуда
». (Ибраһим сүресі, 3-аят)
5. Аллаһтың және Пайғамбарының халал (таза,
адал) қылғандарын харам, харам қылғандарын халал
деп санау.
Хадис шәрифте айтылады:
«Сендерге екі нәрсе қалдырамын. Бұларды мықты
ұстанатын болсаңдармүлде адасуға ұшырамайсыңдар:
Олардың бірі Аллаһтың кітабы Құран; екіншісі
Пайғамбарының сүннеті…»
1
6. Кәпіржәне мұнафықтарды өзіне дос тұтып, Тәухид
қауымын, яғни мұсылмандарды ұнатпау
Аллаһ Тағала айтады:
«Ей, иланғандар! Еврейлерді және Христиандарды
өздеріңе дос тұтпаңдар, негізінде олар бір-бірінің досы.
Сендерден кім оларға дос болса, сөзсіз ол да cолардың
бірі. Аллаһ зұлымдық жасағандарды тура жолға
жеткізбейді».
«Жүректерінде ауру болғандардың (мұнафық)
«Біздерге бір пәлекет түсуінен қорқамыз», деп оларға
жүгіргенінкөресің. БәлкімАллаһбіржеңісберернемесе
өз тарапынан бір әмір берер, сонда олар жүректерінде
жасырғандарына өкінер».
(Мәидә сүресі, 51-52 аяттар)
«Сендердің достарың тек Аллаһ; Оның Пайғамбары