144
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
себептеріне Аллаһтың қалауы деп түсініктеме берілсе,
тәухидті қабылдай алмайтындар қабақтарын түйеді де,
көңілдері түседі. Керісінше, түсініктеме берілсе, яғни
себептер табиғатқа, кездейсоқтыққа т.б. нәрселерге
байланыстырылса мәз-мейрам болып қуанады. Бірақ
олардың осы жағдайларының кесірінен әлемдегі
иләһи жоспар азап түрінде оралады. Аят кәримде
баяндалады:
«Адамдардың өздері істегендеріне байланысты
құрлықта және мұхитта бұзықтық шығады да, Аллаһ
мүмкін олар жүрген теріс жолдарынан қайтар деп,
істегендерінің кейбірін оларға таттырады».
(Рум сүресі,
41-аят)
Сондықтан осындай жағдайлар болғанда басқа
күндерде істелгеннен көбірек Аллаһқа сыйынып
истиғфарды (кешірім сұрау) ауыздан түсірмеу қажет.
Өйткені Аллаһ Тағала аят кәримде:
«… Олар истиғфар күйінен ажырамайынша Аллаһ
оларға азап жібермек емес…»(
Әнфәл сүресі, 33-аят),
деп айтқан.
`
Аллаһ Расулі (с.а.у.) сахабаларына:
«Назар аударыңдар; менің сендер жайында
Дажжалдан да көп қорқатыным не екендігін айтайын
ба?»- деп сұрады.
Сахабалары да:
-Айтыңыз, уа Расулаллаһ! – деді.
Сонда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деді:
«Мен қорқатын нәрсе, жасырын түрде Аллаһқа серік
қосуларың. Мысалы, намазға тұрған бір адамды ойлаң-
дар. Бұл адам басқа бір адамның өзіне қарап тұрғанын