Previous Page  148 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 298 Next Page
Page Background

148

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Шәһәдәт кәлимасы туралы осы жерге дейін түсін-

діргендерімізді қорыта айтатын болсақ:

Шәһәдәт кәлимасы шатырдың ортасындағы негізгі

діңгек сияқты. Бұл діңгек болмаса шатыр мүлде

орнықты тұра алмайды. Яғни, ешбір жақсы амал Аллаһ

алдында бір табысқа жеткізбейді. Расында, төмендегі

аят кәримдер осы ақиқатты айқын түрде баяндайды:

«Аллаһқа серік қосқан мүшриктердің өз күпір-

ліктеріне өздері куә болып тұрғанда, Аллаһтың

мешіттеріне сабылып баруының пайдасы жоқ.

Олардың бүкіл істері босқа кеткен. Әрі олар тозақта

мәңгі қалады».

«Аллаһ мешіттерін тек қана Аллаһқа және ақірет

күніне иман келтірген, намазды тұп-тура оқитын, зекет

беретін, әрі Аллаһтан басқасынан қорықпайтындар

толтырса игі. Міне, тура жолға жетуі үміт етілетін де

осылар».

«(Ей, мүшриктер!) Сендер қажыларға су беру

мен Харам Мешітін жөндеуді; Аллаһқа және ақірет

күніне иман келтіріп, Аллаһ жолында күрескендердің

иманымен бірдей көресіңдер ме? Алайда олар Аллаһ

алдында тең емес. Аллаһ залымдар қауымын һидаятқа

жеткізбейді».

(Тәубе сүресі, 17-19 аяттар)

Осыаят кәримдер «амалдаршынайыиман, жүрекпен

бекіту және Аллаһ Тағаланың ризасын күту тәрізді

шарттар пайда болғаннан кейін ғана Аллаһ алдында

бағалы болады» деген түсінік береді. Қанша пайдалы

және маңызды болса да, имансыз орындалған амал-

дардың ешқандай бағасы болмайды. Осы жайлы басқа

бір аят кәримде былай баяндалады:

«Сөзсіз, қарсыласып, кәпір болып өлгендер бар

ғой, олар құтылу үшін дүниенің алтынын төлесе де

ешбіреуінен қабылданбайды, олар үшін қатты азап

бар, әрі ешқандай жәрдемшілері де болмайды».

(Әли