Previous Page  154 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 298 Next Page
Page Background

154

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

аят)

Тағы Аллаһ Тағала баян еткен:

«Мені зікір етіңдер, мен де сендерді зікір етейін!…

»

(Бақара сүресі, 152)аятындағы сыр басқа ғибадат-

тардан гөрі намазға көп қатысты.

Сонымен зікірдің бір түрі болған намаз ғибадатының

арқасында:

«...Мен, Мені зікір еткендермен біргемін..»

1

деген

құдси хадистегі сыр ортаға шығады.

Бірақ құл осы «бірге болудан» лайықты түрде пайда

көруі үшін «ихсан» күйінде болуы қажет. Аллаһ Расулі

(с.а.у.) былай баяндаған:

«...Ихсан Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат

жасауың! Сен Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп тұр

ғой!.»

2

Міне, осылай оқылған намаз көздің нұры болады.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дүниелік шұғылданулар

көңілін алаңдатқанда:

«Ей, Біләл! Азан айтып, намазға шақыр да, біздерді

бір рахаттандыршы»

, – деп бұйыратын.

Өйткені намазға ұқсайтын ешбір ғибадат жоқ.

Намаз оқитын кісі, намаздан басқа ешбір нәрсемен

шұғылданбайды. Намаз оның көңілін әр түрлі қатынас-

тан үзіп, түсініктер жете алмайтын түрде Аллаһпен

бірге болу сырына қандырады. Басқа ғибадаттарда

жағдай мұндай емес. Мысалы, ораза ұстаған кісі,

базарда алушы да сатушы да бола алады. Қажылықта

да осылай. Бірақ кісі намаз оқып жатқанда сатушы да

алушы да бола алмайды. Ол тек қана намаз оқушы, яғни

затымен, рухымен Хаққ Тағаланың алдында.

Кәміл мүминдер