Previous Page  160 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 298 Next Page
Page Background

160

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

қағидаларға бағыну қажет:

1. Көңіл тыныштығы: Көңілдің тек қана оқылған

дұға, тәсбих(зікір) және аят кәримдердің руханиятымен

көктеуі. Дүниелік істерден толығымен қол үзу. Өйткені

түрлі ойлар мен істерден арылмаған көңіл, өзін намазға

толық бере алмайды. Хаққтың алдында тұрғандығынан

ғапылқалады.Міне,құлосындайғапылдықтанарылып,

Хаққ Тағаламен бірге бола білсе және тілімен айтқан

сөздердің мағынасын азғантай болса да түсінсе, сонда

ғана көңіл тыныштығына жетеді.

2. Ойлау: Не оқып тұрғанын аңғару, мүмкін бол-

ғанынша оқып тұрған нәрселерімен бір бүтін болу. Бұл

да көңіл тыныштығынан кейінгі ең маңызды мәселе.

3. Құрметтеу:

Хаққ

Тағаланың

алдында

тұрғанын аңғарып, дененің әрі көңілдің хушуғын

сақтау. Яғни, намаз ғибадатын көңіл тыныштығымен

және тәфәккурмен әшекейлеген соң, намазға тиісті

әдептілікке бағыну қажет. Намаздағы осы әдеп тағзым

күйі оның бағасын еселеп арттырады да, оқыған адамға

шапағатшы қылады. Яғни құрметтеу мәселесінде құл:

«Егер намазыңның бір миғраж болуын қаласаң,

Аллаһтың ұлылығын және саған берген сансыз

игіліктерді есіңе ал да, өз ғибадатыңды кем деп сана!

Өз ғибадатыңа қарап Аллаһқа лайықты түрде шүкір

еткеніңді ойлаудан сақ бол!

«Уа, Раббым! Саған лайық

боларлықтай құлшылық істей алмадым; мені ғапу ете

көр!- деп кешірім сұраған»

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)

пейілінен несібесін алса, сонда ғана оқылған намазынан

шексіз дәрежеде пайда көреді.

4. Айбат: Құрметтеп, Ұлықтаған Тәңіріңнен қорқу

күйінде болу. Мұндай қорқу күйі құлдың өз орынын

білуіне және Хаққ Тағаланың ұлылығын аңғаруына

дәнекер болатындықтан, намазда салмақты (шынайы)

әрі тақуалы болуды қамтамасыз етеді. Аят кәримде