Previous Page  163 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 298 Next Page
Page Background

163

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

деп атайды. Осындай жағдайға түсіп кетуден де көңіл

әлемін қорғау керек.

Хушуғ жайында айтылатын соңғы сөз: Аллаһ Тағала

Құран Кәрімде біздерге үлгі болсын деп баяндаған

Хазіреті Ибраһимнің (ғалейһіссәләм) мына дұғасы:

«Уа Раббым! Мені ықылас және хушуғбен намаз

оқитындардан қыла гөр! Әулетімнен де осындай

адамдар шығар! Уа, Раббымыз! Дұғамды қабыл ете

гөр!»

(Ибраһим сүресі, 40-аят)

Намазда Хушуғ Қалай Пайда Болады?

Хатем Асам есімді әулие, намазды лайықты түрде

оқу туралы былай айтқан:

«Әуелі намаз үшін керек болған дайындықты ең

жақсы түрде орындағын. Одан кейін Қағбаны көз

алдыңа, Сырат көпірін аяғыңның астында, жәннаттыоң

жағыңда,Жәһаннамдысолжағыңда,желкеңдеӘзірейл-

дің сенің жаныңды алайын деп күтіп тұрғанын ойла

да «Осы намаз өмірімдегі ең соңғы намаз»,– деп қорқу

мен үміт күйінде Әлемнің Раббысының алдында тұр!

Шын жүрекпен тәкбір айт! Ақырын және мағынасын

ойлай отырып Құран оқы! Қарапайымдылықпен рукуғ,

хушуғмен сәжде қыл! Денең намаздың негізгі шарт-

тарын орындай берсін, бірақ рухың яғни көңілің үнемі

сәжде күйінде болсын және бір мезет те болса Аллаһпен

бірге екендігіңді ұмытпа!..».

Міне, осындай хикметті, жан-тәніңмен берілу

күйінде Хаққ Тағалаға беріліп намаз оқығандар өздерін

де, басқаларды да ұмытып, дүниеден және оның

ішіндегілерден хабарсыз күйде болады.

Хазіреті Мәулана былай деген: