Previous Page  165 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 298 Next Page
Page Background

165

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

және берілудің шыңына шығару арқылы ұлы

Раббымыздың періштелеріне:

«Нендей жақсы құл!» деп мақтаумен таныстыратын

ізгі құлдары тобына қосылуды аңсау қажет.

Қырағатта, аяттардыдұрыстапжәнемәнеріменоқып,

мүмкін болғанынша мағынасына ой жіберуге тырысу,

әрі солмағынаныөз өмірімізге сәуле етіпшағылыстыру.

Қырағат кезінде:

«Құран Кәрім оқыған кісі Аллаһпен сөйлескендей

болады»

.

1

хадисшәрифініңсырыкөріністабатындықтан

сүре және аяттарды оқырда тілмен бірге көңілдің де ояу,

әрі тыншыған болуы қажет.

Рукуғда айтылатын тәсбих сөздерін мағынасына ой

салып, ұлылық және салмақтылық сезімімен оқу.

Сәждедегі тәсбихтерді де Аллаһтың ұлылығын ойлай

отырып оқу қажет.

Қағда делінетін, намаздың соңғы отырысында

Аллаһтыңалдындақұрметпенотыруқажет.Пайғамбарға

(с.а.у.) салауат айтып, соны көз алдына елестету әрі бас

иген ғаріп сияқты дұға ету күйінде болу керек.

Намаз бітерде берілетін сәлем де құлды Дарү’с-

сәламға, яғни Жәннатқа апаратын намаз арқылы

шаттанған көңілдің сәлеміне оң жақтағы және сол

жақтағы періштелердің де ортақ етілуі.

Расулұллаһ (с.а.у.) Намазы

Риуаят бойынша Аллаһтың Пайғамбары (с.а.у.)

намазға тұрғанда көкірегінен үнемі қол диірменінің

дауысы сияқты өксіп жылағандай дауыс естілер еді.

Хазіреті Али (радиаллаһу ғанһу) осы туралы былай

айтқан:

«Бәдір соғысында Пайғамбар (с.а.у.)нің бір ағаштың

астында жылап отырып намаз оқығанын көрдім. Осы

халы таңға дейін жалғасты»

.

1