

161
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
былай айтылған:
«...Аллаһ алдында сөзсіз ең үстемдерің тақуа
жағынан ең күшті болғандарың..».
(Хужурат сүресі,
13-аят)
5. Рәжа: Үмітте болу. Намазда тағзыммен
1
бірге
құлдың Аллаһ Тағаланың ризасына және рахметіне
жетуді үміт етуі, осы жайында жалбарынып, намаздан
кейін дұға етуі құлшылық белгілерінің бірі болып
табылады. Өйткені тек қана қорқу, көңілге ауыр түседі.
Және күндердің күні рухани деңгейді бұзады. Үміткер
болу болса, көңілдегі деңгейді қамтамасыз етеді.
6. Хая: Ұялу. Бұл басқа ерекшеліктерді толықтайтын
сондай бір көркем сипат. Хаққ Тағаладан ұялған құл,
артық әрекеттер істемейді және ұялу арқылынамаздағы
қателерін, кемшіліктерін әрі ғапылдығын біледі.
Амалдарына сеніп қалу ауруына ұсталмайды. Хадис
шәрифте былай баяндалған:
«Ешкім, намазбен күнәларым кешіріліп кетеді екен
өз ісіне сенбесін».
2
Соныменнамаздыңарқасындакүнәларқалайдаболса
кешіріледі деп, ғапылдыққа түспеудің жалғыз жолы
хаяға бөлену, намаздағы әдептілікті ылғи да сақтау.
Өйткені кешірілуіміз ғибадаттарымыздың нәтижесі
емес, Аллаһ Тағаланың ілтипаты мен мейірімінің
нәтижесі. Негізінде, орындаған ғибадаттарымыздың
қандай көңіл-күймен істелгендігі және олардың Ұлы
Аллаһқа лайық ғибадаттар емес екендігі өзімізге
мәлім.
Осы ерекшеліктерді қорыта айтатын болсақ; намазда
көңілдіңхушуғымендененіңқозғалысынбірлестірмеген
кісі, намаздың ақиқатына жете алмайды. Ондай болса
*
Һұзұр:
көңіл мен дененің Аллаһ Тағаланың құзырында болу күйі