Previous Page  157 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 298 Next Page
Page Background

157

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

қандай нәрселердің парыз, уәжіп және сүннет екенін

білудің маңыздылығын түсіну.

Бұлардан басқа, дәрет алу арқылы намаз үшін дене

мүшелерімізді тазалайтынымыз секілді, көңілімізді де

кек, қызғаныш және т.б. рухани кірлерден тазартып,

күнәлардан алыстаған күйде намазға тұруға мұқият

болуымыз керек. Бұған бөгет болатын Шайтан және

шайтан қылықты адамдардың әшекейлі айлаларына

және тұзақтарына ояу көзді, әрі парасатты болуымыз

міндетті.

Осы бағытта айтылған:

«Намаз үшін белдеріңді және қарындарыңды жұқар-

тыңдар!»

хадис шәрифінің баяны бойынша әрекет

жасау, намазға дайындық жөнінде кеудеде рахатты

және намазға қызығушылықты қалыптастыратын

дәстүр.

Хадис шәрифте баяндалған бірінші мәселе - харамға

жоламау; екіншісі денеге жалқаулық беретін дәрежеде

асқазанды толтырып ас жемеу деп қорытындылауға

болады.

`

Намаздың Қабыл Болу Шарты: Хушуғ

1

Намаздың сыртқы жағын, яғни пішінін «фиқыһ»

2

саласы реттейді. Фиқыһ болмай намаз болмайды. Бірақ

хушуғдан алыс, бытыраған бір көңілмен оқылған намаз

да қабылданбайды. Сондықтан намаздың сыртқы

жағын тәртіпке қоятын фиқыһ қағидалары, көңіл

әлемін әшекейлейтін рухани қағидалармен қосылып

бір арада болғанда ғана намаз нағыз намаз болады. Ал

көңіл әлемінің тәрбиеленуі, Құран Кәрімде баяндалған

тәзкие(ағарту) сырына жетумен көрініс табады. Аят

* Хұшу

: а. Аллаһ Тағалаға қорқумен және махаббатпен мойынсұну,

осы сезіммен пайда болған хәл, ә. қарапайымдылық

**

Фиқх

: Ислам заңы