Previous Page  158 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 298 Next Page
Page Background

158

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

кәримде айтылады:

«

Нәпсісін тәзкие қылған(ағартқан) құтылды».

(Ағлә

сүресі, 14-аят)

Осы рухани тәрбие намаз үшін өте маңызды жағдай.

Өйткені Хаққ Тағала Құран Кәрімде намаздың

парыздарын, уәжіптерін және рәкағат сандарын айтпа-

ғанымен хушуғ, ықылас және көңілдің тыныш болу

күйінің маңыздылығын бірталай жерлерде қайталап,

қадап айтқан. Ондай болса намаздың рухани тарапына

қатысты сезім, әдеп және шарттар құл ерекше назар

аударып орындайтын жағдай. Өйткені аят кәримде:

«Намаздарында хушуғ күйінде болған мүминдер

сөзсіз құтылды»

. (Муминун сүресі, 1-2 аяттар) деп

айтылады.

Хадис шәрифтерде былай баяндалады:

«Кімде-кім дәретін жақсылап алып, намазын

уақытында оқып, рукуғы мен сәждесін толық жасап,

хушуғ сезімінде болса, оның намазы ақ және жарық

нұр тәрізді көтеріледі де, намаз оқығанға: «Менің

хұқығымды қорғағаныңдай Аллаһ та сені қорғасын!»-

деп алғыс айтады. Кімде-кім дәретін жақсылап алмай,

намазын уақытында оқымай; рукуғы мен сәждесін

шала істеп, хушуғдан жұрдай оқыса намазы қара әрі

қараңғы бір зат сияқты көтеріледі де, өзін оқыған

адамға: «Хұқығымды қорғамай мені қор қылғаныңдай

Аллаһ та сені қор қылсын! – дейді. Сондай-ақ мұндай

намаз Аллаһ Тағала қалаған жерге дейін көтеріледі

де, кейін іске жарамайтын шүберек сияқты бүктеліп

оқыған кісінің бетіне лақтырылады»

.

1

`

Бахауддин Нақшибендиден (қуддисә сирруһ)

2

:

- Құл намазда қалай хушуғ иесі бола алады?- деп

сұралғанда ол :