

164
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Есіңді жи! Намаздан тек қана сырттай емес, рухани
жақтан да пайда көруге тырыс! Жем жеп жүрген құс
сияқты, Аллаһтың ұлылығынан хабарсыз түрде,
басыңмен жер шұқи берме!.. Хазіреті Пайғамбардың:
«Адамзат ішінде ең жаман ұры, намазынан ұрлаған
адам»
1
, сөзіне құлағың сал!.».
Намазда хушуғды іске асыру немесе асыра алмау
турасында құлдардың жағдайы хадис шәрифте былай
баяндалған:
«Екі кісі бір уақытта және бір мекенде екі рәкағат
намаз оқиды. Бірақ екеуінің арасындағыайырмашылық
жер мен көк арасындай»
.
2
Сондықтан намаз үшін денемізбен Қағбаға бұрыл-
ғанда, көңілді де Аллаһқа бұрып қаратумыз қажет.
Өйткені көңілдің құбыласы – Аллаһ.
Сонымен қатар хушуғдың пайда болуы әрі ұзақ
сақталуы үшін:
«Амалдар ниеттерге қарай іске асады»
.
3
хадис
шәрифі бойынша намаздың рухына сәйкес кәміл ниетте
болу қажет. Бұл қайсы намазда әрі кімнің алдында
тұрғаныңды біліп, аңғаруың. Сондықтан көңілмен
ойлағандарды тексеру керек және Аллаһтың риза-
лығына жетуден басқа мұраттан айығу керек.
Намазға тұрғанда айтылатын тәкбір, яғни Аллаһты
ұлылаусөзіндұрыстапайтаотырып,көңілмен,Аллаһтың
ұлылығын және үлкендігін сезу қажет. Қолдар құлаққа
дейін көтерілгенде дүниелік шұғылдардың барлығын
қолдың терісімен артқа лақтырып, Аллаһтың алдында
болудың сезімі және шаттығы тұла бойды билеп, осы
фәни әлемненшығып ақірет әлемінде өмір сүріпжатқан
сияқты бір күймен намазға тұру қажет.
Қиямда тек сәжде етілетін жерге ғана қарап,
тыншыған жүректің рахат сезімінен бір сәт те болса
айрылмай, көңілді Хаққа деген әлсіздік, мұқтаждық