169
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
намазды орындау, көңілі Аллаһқа деген махаббатпен
асып-тасқан және құлдырамайтын иманға жеткендерге
оңай, жеңіл болып келеді. Және намаз осындай
құлдарды айрықша бір шаттығу және ләззат алу күйіне
жеткізеді.
Ал осы ахуалдан мақрұм болғандардың жағдайын
Аллаһ Тағала былай білдіреді:
«... Сөзсіз ол(намаз) Аллаһтан қорыққандардан
басқаларына ауыр келеді».
(Бақара сүресі, 45-аят)
Бұл жерде мына ақиқатты да баяндау керек:
Ұлы сахабалар және әулиелер намаз арқылы жеткен
жоғары мәртебелерге жетуіміз мүмкін емес деп саналса
да, көңілдеріміздің күші мен қабілеті мөлшерінше
шынайыықыласпен тырысып бағуымыз қажет.Шайтан
кейде «осындай ғапылдықпен намаз оқығанша мүлдем
оқымаған жақсы» деп алдап, азғырады да адамды,
қауіптен қауіпке сүйрейді. Тұзаққа түсіреді. Сондықтан
мұндай ой адамды зиянға ұшыратады. Мүлдем
оқымағанша осылай болса да оқу жақсы, артық деп
ойлау керек. Намаз оқу мен оқымау арасында айырма-
шылық өте үлкен. Намаз оқымаған үнемі зиянда. Бірақ
кем де болса намазын оқыған кісі, бір сәті келеді, иләһи
сыйға жетіп, Аллаһ алдында қабылданатын намаз оқу
оған нәсіп болады.
Осы ақиқатты да ұмытпау керек:
Ешбір әрекет, қимыл дереу кәмілдікке жетпейтіні
сияқты ғибадаттар да басында жайша еліктеу секілді
басталады. Өнерпаздың өнерін ұзақ тәжірибелерден
кейін кәміл түрде істеуі сияқты, құлдың да ғибадатында
дамуы үшін уақыт керек. Намазды кәміл түрде оқи
алмағандар үмітсіз болмай, бұл шындықты көз алдында
ұстай отырып жолдарын жалғастырулары керек. Қалай
бір грамм алтынға жету үшін тонналаған топырақ
еленетін болса намаздың кәміліне жету үшін де сабыр-