175
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
дәрет суын әкеліп, бір нәрсеге қажеті болса орындап
қызмет ететінмін. Бір күні маған:
«Не сұрағың келсе, сұра!» – деп бұйырды.
Мен:
«Жәннатта сенімен бірге болуды сұраймын»,– дедім.
«Бұдан басқа не сұрайсың ?» – деді.
«Тек осыны ғана», – дегенімде
«Ондай болса өзің үшін намаз оқу арқылы маған
жәрдемші бол!» - деді. 1
Шақиқ Бәлхи былай айтқан:
Бес нәрсені іздеп едік, оларды бес жерден таптық:
1. Риздықтың берекетін духа
2
намазында таптық,
2. Қабірдің жарығын тәһәжжуд намазында,
3. Мүнкәр мен Нәкір періштелерінің қабірдегі
сұрақтарына жауапты Құран Кәрім оқуда,
4. Сырат көпірінен оңайлықпен өтуді ораза ұстауда
және садақа беруде,
5. Аршының көлеңкесін, ел көрмейтін жерлерде
жалғыз болып Аллаһ (Жәллә Жәләлуһу)ді зікір етуде.
Алайда нәпіл намаздары алуан түрлі. Олардың
ішіндегі маңыздыларын қысқаша ескерте кетейік.
Духа Намазы
Хадис шәрифте айтылады:
«Сендер, мүшелеріңнің әр біреуі үшін садақа беру
қажеттілігімен төсектеріңнен тұрасыңдар. Әр
тәсбих (сүбһаналлаһ деп айту) бір садақа; әр тахмид
(әлхамдулиллаһ деп айту) бір садақа; әр тәһлил (лә
иләһе иллалаһ деп айту) бір садақа; әр тәкбір (Аллаһу
әкбар деп айту) бір садақа. Жақсылықты бұйыру
* Дұһа: күн арқан бойы көтерілген кез бен тал түске дейінгі
аралықтағы уақыт