

179
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
болатын үлкен оқиғалар үшін бір рет қажылыққа бар
және мұқтажға бір садақа бер. Сөз сөйлегенде хақың
болса айт (дұрыс айт). Әйтпесе жаман сөз сөйлеуден
тіліңді теже!»
1
Аят кәримдерде құлды Раббысынан ғапыл қалмай
Оны зікір етушілерден болуға және түн намазына
бағыттайтын бірталай баян бар:
«Түнде және сәжделерден кейін Оны пәкте»
.(Қаф
сүресі, 40-аят)
«Түнде және жұлдыздар жоғалып бара жатқанда
Оны пәкте»
.(Тур сүресі, 49-аят)
«Олар (шынайы мүминдер) түндерін Раббылары
үшін қиямда тұрыпжәне сәждегежығылумен өткізеді».
(Фұрқан сүресі, 64-аят)
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде иләһи азаптан құтылып
жәннатқа кіретін және игіліктерге жеткендерді
таныстырарда:
«Олар түнде аз ұйықтайтын еді және таңсәрі
мезгілінде истиғфар айтатын еді».
(Зарият сүресі, 17-18
аяттар)
«Түн ішінде сәжде етіп немесе аяқта тұрып бас
иген; ақіреттен қорыққан және Раббысының рақымын
сұраған кісі, қасарысып Аллаһқа қарсы келген кісімен
тең бе? (Оларға) Айт: «білетіндер мен білмейтіндер
бірдей бола ма?» Негізінде тек қана ақыл иелері үгіт
қабылдайды».
(Зүмәр сүресі, 9-аят)
Жамағатпен Намаз Оқу
Намаз жайындағы ең маңызды тұстарының біреуі
*
Муәккәд сүннет:
бекітілген сүннет, Хазіреті Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үнемі орындайтын іс-әрекеттері.
Ғайры муәккәд сүннет: Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) кейде іс-әрекеттері.