Previous Page  180 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 298 Next Page
Page Background

180

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

парыз намаздарын жамағатпен оқу.

Намаздың жамағатпен оқылуы уәжіп мәртебесін-

дегі муәккәд сүннет

1

болып келеді. Хазіреті Пайғамбар

(с.а.у.) қайтыс болардың алдындағы бірнеше күнді

қоспағанда өмірінде намазды жамағатпен оқудан

қалмаған-ды.

Жамағатқа қатысудың қажеттілігін баяндайтын

мына оқиға өте қатты назар аудартады:

Соқыр болған Ибн Үмми Мәктум есімді сахаба

жамағатқа үнемі қатыса алмайтындығын айтып бұл

жайда Хазіреті Пайғамбардан рұқсат алуға келеді:

-Уа, Аллаһтың Пайғамбары! Менің жағдайымды

білесің, үйім мен мешіттің арасында ағаштар бар!

Әр уақыт мені жетектейтін біреуді таба алмаймын!

– деді.

Хазіреті Пайғамбар(с.а.у.):

-Азанды естисің бе? – деп сұрады.

Ол:

- Ия, -деді.

-Ондай болса еңбектеп келсең де жамағатқа қатыс,

– деді».

Басқа бір хадистерінде былай деген:

«Жамағатпен оқылған намаз жеке басыңа оқылған

намаздан 27 дәреже артық».

1

Исламда парыз намаздарды жамағат болып оқуға

маңыз берілгендігі соншалық, бұл туралы хадис

шәрифтерде қатты ескертулерайтылып, жамағатқа

қатысуды қойған адамның зиянға ұшырайтыны

баяндалған. Сол хадис шәрифтердің біреуінде Хазіреті

Пайғамбар (с.а.у.):

«Азан дауысын ести отырып және бір үзірі де жоқ

бола тұра жамағатқа келмей, отырған жерінде намаз

оқыған кісінің намазы қабылданбайды, – дегенде