Previous Page  186 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 298 Next Page
Page Background

186

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

жіберу.

2. Намазға көңіл аудармай, денесімен намазда

болғанымен, рухымен (ойымен) намаздың сыртында

болуы.

3. Фиқыһ қағидаларын толық орындамай, шала-пұла

намаз оқу.

Хазіреті Мәулана бір сөзінде «иман әдептен тұрады»

деген.

Ең күшті әдеп Аллаһқа деген құрмет көрсету. Мұның

да ең әдемісі, ең күштісі ғибадатта, әсіресе намазда

болуы қажет.

Намаздың мазмұнынан, әдеп және шарттарының

қандай да біреуінен ғапыл қалу Шайтанның, құлдың

намазынан жұлып алған нәрсесі деп саналады. Құлдың

намазда ғапыл болуы Шайтанның жағаласуына,

азғыруына мұрсат береді. Бірақ Шайтан әлсіреткен

намаз, намаз деп қабылданбайды.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Талай намаз оқитындар бар, бірақ олардың

намаздан көрген несібелері әуре болып шаршағаннан

басқа нәрсе емес».

1

«Намазын жоғалтқан халде Аллаһқа қауышқан

кісінің істеген басқа жақсылықтарына Аллаһ мән

бермейді»

.

2

Бұған қосымша намаздың шарттарын орындауда

қате және кемшілік істеуді Аллаһтың Елшісі (с.а.у.)

«ұрлық» деп таныстырады:

«Адамдар арасындағы ең жаман ұры өз намазынан

ұрлаған адам»

.

3

Намаздан ұзақ болғандар