187
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Исламның рухани даналары намаз оқымай жүрген-
дерге ескерту ретінде былай айтқан екен:
«Мал-мүлік және дәулетінің көптігі себебінен
намазға жақындамағандар махшарда Қарунмен бірге
тірілтіледі, патшалығы және билігі себебінен намазға
жақындамағандар Перғауынмен бірге тірілтіледі;
жоғары орындағы мемлекет қызметкерлігі себебінен
намазға жақындамағандар Һаманмен бірге тірілтіледі;
сауда және содан көрген табыс себебінен намазға
жақындамағандар Пайғамбар дұшпаны болған Убәй
бин Халефпен бірге тірілтіледі..».
Намаздан алыс жүргендер берекесіз өмір сүреді.
Бет-бейнелерінде иман мен ұяттың нұры болмайды.
Ешқандай жақсылығына сауап берілмейді. Дұғалары
қабылданбайды. Салиқалы (адал мұсылман) құлдардың
сүйіспеншілігінен мақрұм болады. Тарих бойынша
көрілген:
«Қалай өмір сүретін болсаңдар, солай жан
тапсырасыңдар»
хадисінің сыры бойынша соңғы
демдерінде рухани қауіпте болып, қинала отырып жан
тапсырады. Қабірі оны қысады да, тозақ шұңқырынан
бір шұңқыр болады. Қияметте де Аллаһ Тағаланы өзіне
ашуланған түрде көреді. Есебі өте қиын болады да,
ақырыЖәһаннамға лақтырылады.
Бұхари хадис кітабында мынадай бір оқиға нақыл
етіледі.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) таң намазынан кейін
сахабаларынан түс көрген-көрмегенін сұрайтын.
Көргендер айтып беретін және Ол жоритын. Бір күні
тағы сүйтіп сұрайды да, кейін өз түсі жайында былай
дейді:
«Мен түс көрдім. Екі кісі келді де мені алып кетті».
Кейін көпке созылған түсін айтып береді. Жәннат,
Жәһаннам және Жәһаннамдағы адамдарға істелетін
түрлі азаптарды бір-бірден түсіндірді. Олардан біреуі