188
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
басы таспен езіліп азапталған адам еді. Таспен өте қатты
ұрылғаны соншалық тас ыршып түсетін. Сол тас қайта
жерден алынып тағы солай ұрылатын және осы азап
осылай жалғасатын.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) өзін алып барған екі
кісіден:
«Бұл қандай адам?» – деп сұрайды.
Олар:
«Бұл адам, Құран Кәрім оқуды үйренгенімен оны
тастап, оқымай кеткен және парыз болған намазды
оқымай ұйықтап жатқан адам», – дейді.
Ібілістің
адам
баласымен
жағаласуы
басқа
ғибадаттардан гөрі намаз жайында көбірек болып, ол
құлды;
«Намазы болмағанның діні жоқ»
1 хадисінде
айтылған күйге түсіріп, өзі сияқты, оның да иләһи
рахметтен алыста болуын қамтамасыз ету мақсатымен
азғыруға тырысады.
Мұсылманның Белгісі Намаз
Хазіреті
Пайғамбар
(с.а.у.)
мұсылмандықты
қабылдаған кісіге:
«Намаз – Исламның белгісі. Кімде-кім көңілімен
намазға беріліп, уақытында әрі сүннеттерін орындап
намазын оқыса сол мүмин»,– деп айтып, намазды
үйреткен және намаздың діннің діңгегі болу сипатымен
мұсылман мен кәпірді айыратын ерекшелік екендігін
баяндайтын.
Пайғамбар (с.а.у.)нің сахабалары да сондықтан басқа
ғибадаттарды емес тек осы ғибадатты орындамаған
кісінің діннен шығатыны сенімінде еді.
Намаздың жоғары мәртебесі мен ерекшелігі осы
хадис шәрифтерде баяндалған: