194
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Намаздың Шарттары
1-Ластықтантазару:Көзгекөрінбейтінруханикірден
тазару. Бұл дәрет алу, бой дәрет алу немесе тәяммум
алумен болады.
2-Нәжістен тазару: Көзбен көрілетін кірлерден
тазару. Мұндай кірлер намаз оқитын адамның дене-
сінде, киімінде, намаз оқитын жерде болады.
3- Әуретті жабу: Жабылуы қажет болған жерлерді
жабу. Еркектерде тізе мен кіндік арасы. Ал әйелдерде
жүзі, білектің төменгі бөлігі және аяқтың тобықтан
төменгі бөлігінен басқа барлық жерінің жабылуы
қажет. Намазда бір рүкінді орындайтындай уақыт
жабылуы қажет болған мүшенің төрттен бірі ашылса
намаз бұзылады.
4- Құбылаға жүз қарату: Намаз оқыған адамның
Қағбаға қарай бұрылуы. Кеудесін құбыладан басқа
жаққа қаратқан кісінің намазы бұзылады.
5-Уақыт: Парыз және уәжіп болған әр намаз үшін
белгілі уақыттар бар. Намаздардың өз уақытында
оқылуы парыз. Намаз уақыты кірмей оқылмайды.
Ал үзір болмастан, уақытын өткізіп, кейінге қалдыру
үлкен күнә.
6-Ниет: Оқитын намазын оймен еске алу. Имамның
имам болуға, жамағаттың да ұюға ниет етуі қажет.
Намаздың Рүкундері
1-Ифтитах Тәкбірі: Намазға бастау тәкбірі. Ниеттен
кейін «Аллаһу Әкбәр» деп, қолдар көтеріліп, тәкбір
істеледі.
2-Қиям: Намазда тік тұру. Күші жеткендер тік
тұрып,жетпегендер қайсысына күші жетсе сөйтіпнамаз
оқиды.
3-Қырағат: Намазда Құран оқу. Қырағат қиямда