Previous Page  200 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 298 Next Page
Page Background

200

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

үшін «зекет» парыз қылынған. Ислами қоғам тәртібінде

бай мен кедей арасындағы деңгей және сүйіспеншілікті

қамтамасыз ету үшін «зекет және инфақ» ғибадаты өте

маңызды орын алады.

Бай кісі мал-мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағаны

жайында, яғни халал немесе харам табыстарынан

және зекет, садақа, қайырға жұмсау істерінен Аллаһ

алдында есепке тартылады. Ол дәулетінің белгілі бір

бөлігін кедейлерге беруге міндетті қылынумен байлығы

жағынан үлкен сынақта. Сонымен қатар басқа құлшы-

лық міндеттерімен бірге осы жайдағы сынақтан өтсе,

Аллаһтың ризалығына және Жәннаттағы игіліктерге

жетеді

Кедей кісі де, жоқшылықтағы сабырсыздығы,

наразылығы, адамдарға масыл болуы, қажет сұрауы,

өштігі, қызғанышы және өзінде болған нашар

мүмкіндікті қабылдамай, Аллаһқа қарсы келуі сияқты

жағдайлармен бірге мінез-құлқы мен ар-намысын

сақтағаны не сақтай алмағаны жөнінен есепке

тартылады. Егер есептің нәтижесі Аллаһтың ризалығы

болып шықса, оның дүниеде көрген қиыншылығы

мәңгілік ақірет бақытына айналады.

Зекет Құран Кәрімде 27 жерде намазбен бірге

ескертіледі. Осынша көп ескертілуі оған берілген

маңыздылықты көрсетеді. Жалғыз бір жерде ғана

(Муминун сүресінде) намаз зекеттен бөлек түрде

ескертіледі, сонда да намаз оқығандардың зекет

беретіндіктері баяндалады. Мұның Себебі «дене арқылы

істелетін» және «мал-мүлік арқылы істелетін» деп

екіге бөлінген ғибадаттарда осы екеуінің, яғни намаз

бен зекеттің бірінші орында әрі тең бағалы болулары.

Негізінде амалдар бір-бірінен бөлек, яғни біреуінің

орындалмауыорындалғанбірғибадаттыжоймайды,әтсе

де зекетсіз намаздыңжоқ үкімінде саналатыныХазіреті