Previous Page  202 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 202 / 298 Next Page
Page Background

202

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

бай-кедей таласы болып келе жатыр. Көбінесе кедейлер

байларға қарсы кек сақтап қызғанышпен қараған,

байлар да кедейлердітөмен санап, тәкаппарлықпен

олардықорлаған.АлХақдініИсламәкелгенқамқорлық,

мархабат және бауырластық туралы үгіттерден кейін

зекет беру, садақа тарату және әр түрлі қайыр істерін

жасау сияқтықоғамдықөміргеқамқорлықшағылысқан

дәуірлер басталған. Бүгін зекет дәл ме дәл есептеліп

берілсе, қоғамда кедей және қайғыда жүрген адам саны

жоқ боларлықтай азаяды.

Халифа Омар бин Абдүләзиз дәуірінде қала әкімдері

«зекет алатын ешкімді таба алмағандықтарын» білдіріп

халифадан ақыл сұраған кездер болған. Өйткені бүкіл

байлар зекет қарыздарын төлеп жатқандықтан елдің

жағдайы тым жақсарған еді. Сондықтан Омар бин

Абдүләзиз дәуірі төрт халифадан кейінгі ең жарқын

дәуір деп саналады. Осы ахуал мал-мүліктің және

жанныңХаққТағаланыңризалығыүшінжұмсалуының

мейірім көріністері.

Шын мәнінде, зекет Ислам адамзатқа сыйлаған

өте ұлы негіздердің біреуі. Зекет арқылы қоғамдағы

кедей, ғаріп, мүсәпір және жетім-жесірлердің

қиыншылықтары аз да болса жеңілдетілуде немесе сол

қиыншылықтар толығымен құртылуда.

Сонымен Ислам қиыншылықта болған адамдарға

олардан ақы талап етпей, қол созған, сөйтіп қаншама

қоғамдық жараны біржолата жазған. Оған қоса сырт

қарағанда адамдарға жәрдем және жеңілдік болып

көрінетін, ал шындап келгенде қиыншылықта қалған

бейшаралардың осы жағдайларын қолданып, оларды

қанаудан басқа іске жарамайтын пайыз пәлекетіне де

тыйым салған.

* Нисаб: Сөздік мағынасы - бір нәрсенің негізі, шегі, белгісі, мөлшері.

Ислам терминологиясы бойынша адамның негізгі қажеттіліктерінен

тыс байлығы болуы.