203
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Өйткені
пайыз
арқылы
қанаушылар
басқа-
ларының қиын жағдайда болуын және олардың осы
жағдайларынан пайда көрудікөздейді. Ал зекет беретін
кісі қиналып жүрген мұқтаждардың мұңдасы. Оның
жалғыз ойы Хаққ Тағаланы разы ету мақсатымен
олардың мұңына дәрмен болу.
Ашкөз әрі әуесқой адамға мал-мүлкі қаншалықты
көп болса да, көзіне үнемі аз көрінеді. Бірақ садақа және
зекет беруге үйренген адамдардың көңілі бай болады.
Оларазғантайбірдүниеменқанағаттанады.Алқанаушы,
өзін әуесқойлық жаулап алғаны соншалық, басқаларын
құртумен болса да өз мал-мүлкінің артуын қалайды.
Дүниенің үлкен сауда орталықтарының бірталайында
осы сияқты және ғибратқа толы оқиғаларды көруге
болады. Бұл шындыққа ишарат ретінде көркем аятта
былай айтылған:
«Аллаһ пайызды жояды, ал садақаларды берекет-
тендіреді…»
. (Бақара сүресі, 276)
Яғни, пайыз алумен шұғылданғандардың мал-
мүлкінен берекет алынады. Осы берекетсіздік ақіретте
зиянға ұшырауға апарады. Адал емес жолдармен
табылған таудай байлық не бір апат, не бір ауру
себебінен, яки ысырапқор бір мұрагердің қолында жоқ
болып кетеді.
Ал қоғамның пақыр және қиналып жүрген мүше-
леріне жәрдем ретіндегі қайыр-садақалар қоғамдық
сәйкестіктің және тәртіптің жалғасуын қамтамасыз
ететіндіктен дүниеде де, ақіретте де берекелі болуына
дәнекерболады. Төмендегі мысалбұлшындықтынендей
керемет айқындайды:
Бір күні қайыршының біреуі Хазіреті Әли
(РадиАллаһу анһү)дың алдына келіп, бір нәрсе сұрайды.