201
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Пайғамбардың (с.а.у.) баяны бойынша белгіленген:
«Намаз оқығанымен зекет бермеген адамның намазы
жоқ! (Яғни, намазы оны жақсылыққа жеткізбейді)».
1
Сондықтан Халифа Әбу Бәкір (радиаллаһу ғанһу)
намаз оқығанымен зекет бермегендердің осы әрекет-
терінен оларды діннен шыққан (мүртәд) деп қабылдап,
оларға соғыс ашқан. Өйткені зекет жағдайы барлардың
мұқтаждарға Аллаһ белгілеген қарызы. Көркем аятта
айтылғанындай:
«Баймалындамұқтаждыңнемесе намысыжібермей,
қысылып сұрай алмайтындардың белгілі бір хақысы
бар».
(Зарият сүресі, 19-аят)
Аллаһ Расулі (с.а.у.)айтқан:
«Малыңның зекетін бергенде өз малыңдағыкедейдің
хақысын төлеген боласың»
.
1
Сондықтан зекет Нисаб
2
мөлшерінен артық мал-
мүлікке ие болғандардың кедейлерге рухани салық
ретінде байлықтарының бір бөлігін беріп, қалған малда-
рын адал қылуы деп табылады. Зекет арқылы қауымда
тұрақты деңгей, әділет пайда болады. Байдың дәулеті
тазарады. Мал-мүлкі толығымен иесіне халал (адал)
болады. Бұл жағдайды аңғару үшін:
«…Зекет бергендер тазарып құтылды»(Муминун
сүресі, 4-аят) баянына назар аударуымыз қажет.
Зекет берген кісі мен алған кісі арасында сүйіспен-
шілік пайда болады әрі жақындықты күшейтеді. Зекет
мұқтаждарға берілетін рухани салықтың ең аз мөлшері.
Кәміл иман иелері жомарт болып дәулеттерін садақа
тарату және басқа қайырымдылық жұмыстарымен
дамытуына болады.
Дүниеде бұрынғы заманнан қазіргі күнімізге дейін