199
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Екі Әлемде Кешірім мен Мейірім Себепкері
ЗЕКЕТ және ИНФАҚ
Адамзат баласы махлұқаттың ең кереметі, ең әдемісі
болып жаратылған. Ал күшті-әлсіз, дені сау-ауру,
білімді-білімсіз, бай-кедей сияқтымүшелер арасындағы
айырмашылық және сыныптарға бөліну, қоғам тәртібін
құрастыру және қоғамдағы деңгейді қамтамасыз ету
мақсатымен пайда болған.
Осы сыныптар арасынан маңызды орынға ие
байлық және кедейлік бір-біріне қарама-қайшы екі
тіршілік жағдайы. Байлық және кедейлік сияқты бір-
біріне қарама-қайшы мүмкіндіктерге ие болу - сынау
мақсатындаиләһитағдырдыңжіңішкеәрі тереңхикмет-
терін қамтиды. Байлық атақ-абырой емес, ал кедейлік
қорлық емес. Бұлар толығымен тағдыр бөлісі және
тағдырдыңхикметі мен сынағының ісжүзіндегі көрініс-
тері. Аллаһ Тағала былай айтқан:
«… Дүние өміріндегі адамзаттың тіршіліктердегі
несібелерін араларында біз үлестірдік. Бір-біріне
қызмет етулері үшін кейбіреуінің тіршілігін басқасына
қарағанда бірталай есе артық қылдық. (Бірақ)
Раббыңның рахымы олардың жиған-тергендерінен өте
қайырлы».
(Зухруф сүресі, 32-аят)
Осы аяттың баяны бойынша үлестіруде айырмашы-
лықтар бар, бірақ жауапкершіліктер де соған қарай
белгіленіп, қоғамдық деңгей ең кәміл түрде құрас-
тырылған. Яғни:
Дәулет иесі болған адамдар байлықтарына сенуінің
нәтижесінде істей алатындай кейбір азғындықтарға
бөгет болу, мұқтаждардың да байларға қарсы қызған-
шақ болу әрі кек сақтау сияқтыжалған бейімділіктердің
пайда болуын бөгеу, қоғамдық өмірді қорғау және
мүшелерді біреуін-біреуіне сүйіспеншілікпен байлау