Previous Page  204 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 298 Next Page
Page Background

204

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Хазіреті Әли (радиаллаһу ғанһу) ұлдары Хасан мен

Хусейін (РадиАллаһу анһүм)ға:

«Шешелеріңе барып үйдегі алты дирһемді алып

келіңдер!» – дейді.

Хасан мен Хусейін барып алты дирһемді әкеледі де,

әкелеріне береді. Хазіреті Али сол ақшаны қайыршыға

береді. Алайда сол кезде өздерінің ақшаға қажеті болып

тұрған еді. Хазіреті Фатима ол ақшаға ұн алмақшы

болған еді.

Али (радиаллаһу ғанһу) әлі үйінің табалдырығынан

аттамай жатып қасына түйесін сататын бір адам келеді.

Ақшасын кейін берерсің деп түйесін Хазіреті Алиге

жүз қырық дирһемге сатады да, түйені есік алдына

байлап кетіп қалады. Арада көп уақыт өтпей басқа бір

адам келеді де, сол түйені екі жүз дирһемге сатып алып

ақшасын қолма-қол төлейді.

Хазіреті Әли (радиаллаһу ғанһу) түйенің бұрынғы

иесіне қарызын төлеп, қалған алпыс дирһемді Хазіреті

Фатимаға беріп былай дейді:

«Бұл Аллаһтың: «

Кім бір жақсылықпен келсе, оған

сол істеген жақсылығының он есе артығы бар»(

Әнғам

сүресі, 160) деп,ХазіретіПайғамбар арқылыбізге берген

уәдесі. Біз сол алты дирһемді бердік. Аллаһ (ЖЖ) он есе

артығымен қайтарып берді!…».

1

Осы берекелікке қосымша Хаққ Тағаланың:

«Жақсылықтың нәтижесі тек қана жақсылық емес

пе?»

(Рахман сүресі, 60-аят) баяны бойынша зекет беру

және қайырымдылық жұмыстары, құлдарға талай

рахмет есіктерін ашып, жамандық есіктерін жауып

жатады.

Кедей және мақрұм адамдардың жараларын жазып,

оларға көңіл тыныштығын сыйлайтын жұбаныш ұсына

білудің ең кәміл көріністері шүбәсіз Әлемнің Мақтаны-

шы (с.а.у.)Мырзамыздың үлгі өмірінде көріледі.