Previous Page  210 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 210 / 298 Next Page
Page Background

210

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

(с.а.у.) бұл жайлы дұғасын сұрайды.

Оның бұл сұранысына Аллаһ Расулі (с.а.у.)былай

жауап берді:

«Шүкіршілігін өтей алатын аз малың, шүкіршілігін

өтей алмайтын көп малыңнан қайырлы..»

.

Бұл сөздерден кейін сұранысынан айныған Сағләбә

біраз уақыттан кейін тағы құмарланып қайтадан

Пайғамбар (СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм)ға келеді

де:

«Уа, Расулаллаһ! Байлығымның біраз артуы үшін

дұға етіңізші!» – дейді.

Бұл жолы Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)оған былай деп

жауап береді:

«Мен, сен үшін жеткілікті үлгі емеспін бе? Аллаһқа

ант етемін, егер сұрасам, мына таулар алтын және

күміс болып артымнан келетін еді. Бірақ мен көңіл

аудармадым»

.

Сағләбә сонда талабынан айныды, бірақ көңілінде

соғып тұрған әуесқойлық дауылы басылмай ішінен:

«Егер бай болсам жарлы-жақыбайларға жәрдем беріп,

өте көп сауапқа жетемін!» – деп ойлап, нәпсісінің күшті

талабынажеңілгентүрдеүшінші ретХазіретіПайғамбар

(СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм)нің алдына жүгінді:

«Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаһқа ант

етемін, егер ол мені байытса кедей-кепшіктерді қорғап

қолдаймын, әрбір хақ иесіне ақысын беремін!.» – деді.

Ақыры оның қайтпас табандылығына қараған Аллаһ

Расулі (СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм):

«Уа, Раббым! Сағләбә құлыңа сұраған дүниесін бер!

»

– деп дұға етті.

Көп ұзамай осы дұғаның арқасында Аллаһ Тағала

* Саләбә: Сахабалардан 29 кісінің есімі Саләбә болған. Бұл айтылып

отырған кісі Бәдір соғысына қатысып, тақуалы өмір сүрген Саләбә емес.