Previous Page  211 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 211 / 298 Next Page
Page Background

211

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Сағләбәның байлығын арттырды. Отарлары жайлау-

ларды басып кетті. Бірақ сол кезге дейін мешіттің құсы

лақабымен танылатын Сағләбә мал-мүлкімен жағалас-

қандығынан бірте-бірте жамағатқа қатысуды үзе

бастады. Біраз уақыттан кейін тек Жұма намаздарына

ғана келетін болды. Тағы біраз уақыттан кейін Жұма

намаздарын да ұмытып кетті.

Бір күні оның жағдайын басқаларынан сұрап

білген Аллаһтың Пайғамбары (СаллАллаһу ғаләйһи уе

сәлләм):

«Сағләбәге обал болды!.» – деді.

Сағләбәнің ғапылдығы мен надандығы осы істеген-

дерімен шектелмеді. Зекет жинаушы қызметкерлер

өзіне келгенде оларға:

«Сендердің осы істегендерің тап хараж

1

жинау ғой!»

– деп, бұрын беремін деп айтқандарын бермей қойды.

Әрі кедейлерге аятпен белгіленіп берілуге тиісті болған

азғантай көмегін де бермей, азғындық жасап кетті.

Ақыры мүнафиқтыққа тап болды.

Осы жағдай көркем аятта былай баяндалады:

«Олардың (мүнафиқтардың) кейбіреуі: «Егер Аллаһ,

бізге өз кеңшілігіненмал берсе, сөзсіз садақа таратамыз

және әлбетте салиқалы кісілерден боламыз!– деп

Аллаһқа серт берді.

БірақАллаһ оларға өз ілтипатымен байлық бергенде

олар Аллаһ берген игіліктерде сараңдық көрсетіп,

Аллаһтың әмірінен теріс айналып, берген сөздерінен

айныды».

(Тәубе сүресі, 75-76 аяттар)

Ақымақтығынан Хазіреті Пайғамбар (СаллАллаһу

ғаләйһи уе сәлләм)нің ескертулерін тыңдамай, жоқшы-

лықта масқара болып өлген Сағләбә дүниенің жалған

байлығына алданып, мәңгілік кедейліктің құрығына

ілінді. Өкінішті халде өлерде Хазіреті Пайғамбар

(СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм)нің сөздері құлағында