213
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
немесе малдай ұстатылуы қажет.
Өздеріне зекет берілетін кісілер Құран Кәрімде
айқын түрде баяндалған. Мұның бірталай хикмет және
пайдасы бар. Мұқтаж кісілерге мұқтаждықтары белгілі
болғандықтан, байлар зекеттерін олар сұрамай-ақ өздері
апарып береді. Сонымен кедейлердің әркімге барып
сұрауларымен ізет және абыройларына зиян келуінің
алдыалынады. Сонымен қатарИсламдіні қайыршылық
және басқа да еңбек етпей тіршілік ету жолдарының да
пайда болуын қаламайды.
Ислам діні мұқтаждардың басқалардан бір нәрсе
сұрауларына тыйым салмағанымен мінез-құлықтық
жақтан ұнатпайды. Ұялмай кез келгеннен сұрауды
үйреніп алғандар туралы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде
былай айтқан:
«Садақалар турасында саған сөз тигізгендер бар.
Егер оларға берілсе қуанады, берілмесе дереу ашулана
кетеді».
(Тәубе сүресі, 58-аят)
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)осындай адамдардың
біреуі өзіне келіп зекеттен бір нәрсе сұрағанда оған:
«
Хаққ Тағала зекет малдарын бөліп беру билігін
ешбір адамға, тіпті Пайғамбарының өз қалауына да
бермеген. Зекет малдары жұмсалатын сегіз топ жерді
көрсеткен. Егер сен осы топтың біреуінен болсаң,
сонда ғана зекет малынан үлесіңді ала аласың
», – деп
айтқан.
1
Ислам тек қана үлкен қиындық кездерінде және
шарасы болмаған жағдайларда қайыр сұрауға рұқсат
еткен. Өйткені елге қол жайып жүру негізінде адамды
қорлайтын, абыройын түсіретін іс.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)былай айтады:
«Кедей бір жапырақ нанды ана есіктен мына есікке
барып тапқан кісі емес».
Сонда сахабалары: