Previous Page  208 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 208 / 298 Next Page
Page Background

208

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

жүрсе де, басқаларының қарнын тойғызатын. Өздері

қиыншылыққа сабыр етіп мүсылмандарды рахатқа

жеткізуге құлшынатын. Өйткені олар қолдарындағы

дәулетке аманатшы ретінде ие екендіктерін сезінетін

адамдар еді.

Сөздің қысқасы, мәңгілік құтылуға талапкер болған

барша байлық иелері осы дүниеде бір аманатшы ғана

екендіктерін және сөзсіз бір күні мүліктің шын Иесі

АллаһТағалатарапынанесепкетартылатындарынсезіне

өмір сүрулері қажет. Аят кәримде былай баяндалған:

«Кейін сол (қиямет) күні игіліктерден әлбетте есепке

тартыласыңдар»

. (Тәкәсүр сүресі, 8-аят)

Бұл ақиқат себебінен парасатты көңілдер мына

баяндаманы қашан да болмасын естерінен шығармай

өмір сүреді:

«Халалдың есебі, ал харамның азабы бар»

.

Шүкіршілік иесі болған жомарт байлар мен сабырлы

әріар-намысыбаркедейлерадамдықабыройтұрғысынан

әрі иләһи ризалыққа жетуде тең мүмкіншіліктерге ие.

Сондай-ақ Исламда сараң әрі өркөкіректі байлар мен

өтірікші кедейлер жек көрінішті саналады. Сондықтан

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):

«

Уа, Раббым! Кедейліктің және байлықтың

кесірінен саған сыйынамын»

,

1

– деп дұға ететін.

Ондай болса қанағатшылық, тәуекелшілдік және

Аллаһқа итағат сезімі кімнің көңілінде үстемдік құрса

шын мәніндегі бай да сол…

Зекет беру мал-мүлікке және байлыққа деген

шүкірліктің

білдірілуі.

Шүкіршіліктің

игілікті

арттыруға дәнекер болатыны да Аллаһтың уәдесі.

Аллаһ Тағала былай айтады:

«Егер сендер шүкіршілік етсеңдер, сендерге берген