214
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
-Уа, Расулаллаһ! Ондай болса кедей дегеніміз кім?
– деп сұрады.
Пайғамбар (с.а.у.)Мырзамыз:
«Кедей мұқтаждықпен азап шегіпжүрсе де қажетін
айтпаған, ешкімнен тіс жарып қайыр сұрамаған
кісі»,– деп жауап берді»
.
1
Пайғамбар (с.а.у.)осы сөздерімен мына жағдайды
баяндағысы келеді:
Кез-келген адамнан сұрай бергендер қалай да
болмасын бір нәрсе табады. Ал өз ахуалдарын жасырып
сабырмен, қанағатшылдықпен пақыр өмір сүргендер
туралы немқұрайды болмай, оларға көңіл аудару
қажет. Өз халдерін жасырып айта алмай жүргендерге
жұмсалатын инфақтың маңыздылығы Құран Кәрімде
де баяндалған:
«(Инфақтарыңды) Аллаһ жолына берілген, сол
себепті жер жүзін табыс үшін аралай алмайтын
пақырларға беріңдер! Білмейтін адамдар оларды ар-
намыс сақтағандықтарынан бай деп ойлап қалады.
Сен оларды жүзінен танисың. Өйткені олар адамдарға
жармасып сұрамайды. Сендер не қайыр істесеңдер
Аллаһ оны сөзсіз біледі».
(Бақара сүресі, 273-аят)
Осы аят кәримнің мағынасына қарағанда зекет
беретін кісінің тәмлик және тахарриге өте көп назар
аударуы қажет екені көрінеді. Өйткені зекеттің сахих
(дұрыс) болуы осыған байланысты. Тәмлик тікелей
мұқтаждың қолына беру; тахарри болса бермей тұрып
шын мәнінде мұқтаж екендігіне көз жеткізу, яғни зекет
малының орнын тауып-таппайтынын белгілеу деген іс.
Егер зекет тексермей беріліп кейін берілген кісінің
зекет алуға тиісті сегіз топ кісіден емес екендігі
анықталса, зекет сахих болмайды, оны қайтадан беру
қажет болады. Ал тексерілгеннен кейін осындай бір