Previous Page  216 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 298 Next Page
Page Background

216

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

неліктен болғанын, қайдан келгенін аңғармаған.

Өйткені ғапылдық олардың көңіл көздерін көр қылған

еді.

Сондықтан Аллаһ Тағала:

«Ғапылдардан болма!»

(Ағраф сүресі, 205-аят) деп

бұйырады.

`

Құран Кәрімде 200 жерде айтылған инфақ, мал мен

жанның Аллаһқа арналуы мағынасына келеді. Бұған

қарағанда, мұсылман мал-мүлкін әрі жанын Аллаһқа

арнаған кісі болып табылады.

Екінші Ақаба байғатындаАбдұллаһ бин Рауаһа:

-Уа, Расулаллаһ! Раббың және өзің үшін алдымызға

қоятын шарттарың қандай? – деп сұраған.

Расулұллаһ (с.а.у.)былай деді:

- Раббым үшін алдарыңа қоятын шартым: Оған

ғана ғибадат етулерің. Оған мүлде серік қоспауларың!

Ал өзім үшін айтатын шартым: жандарыңды

немесе малдарыңды қайтіп қорғасаңдар, мені сөйтіп

қорғауларың.

Сонда оған мынандай сұрақ қойылды:

- Осылай істейтін болсақ бізге не бар?

Пайғамбар (с.а.у.)д:

-Жәннат бар! – деді.

Бұл жауапты естіген сол жердегілер:

–Нендей табысты сауда! Бұдан бас тартпаймыз,

бас тартуды қаламаймыз!» – деді»

.

1

Міне, осы оқиғадан кейін төмендегі аят кәримә

түсті:

«Аллаһ мүминдерден малдарын және жандарын

өздеріне берілетін Жәннат ақысына сатып алды…