Previous Page  217 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 217 / 298 Next Page
Page Background

217

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

».

(Тәубе сүресі, 111-аят)

Осы көркем аятта жан мен мал-мүліктің Аллаһқа

сатыла алатыны баян етілуде.

Жан ғазилікпен және шейіттікпен сатылады. Ислам-

ның тұңғыш мүбарак шейіті Сүмәййе Ханымның халы

біз үшін нендей ғибратты. Ол жанын нендей ұлы иман

толқынымен Аллаһ жолында инфақ еткен. Қазір,

Жәннатты сатып алған және қияметке дейін келетін

мүминдердің көңілдерінде тақ құрған күйде мәңгілік

сыйы берілетін күнді тосуда. Демек жанымызбен,

малымызбен инфаққа бұрылуымыз керек.

МалдыңАллаһқасатылуыболсаинфақтыңарқасында

іске асады. Хаққ Тағала тақуалы құлдарының сипат-

тарын санай келе:

«Олар өздеріне біз берген риздықтанАллаһжолында

инфақ етеді»

(Бақара сүресі, 3-аят) деп айтады.

Аллаһ үшін берудің жалпы аты болып табылатын

садақа және инфақтың түрлері көп.

Садақа мен инфақ қолда барды беруден басталады.

Осыған қарағанда жарты құрма беру де инфақ болып

табылады. Бұл құлды тозақ отынан қорғайтын

амалдардың бірі. Сондықтан Пайғамбар (с.а.у.)әрбір

мүминді бай деп көреді. Өйткені Ол хадис шәрифтерінде

мүмин құлдың істеген тәкбір (Аллаһты ұлылау), тәухид

(Аллаһты бірлеу) зікірлерін, жақсылықты үгіттеп,

жамандыққа бөгет болу, зұлымдық көргенге жәрдем

беру, мүминді жұбату, қайғырған көңілдерді қуанту,

жолдағы сескендіруші немесе зиян беруші нәрселерді

құрту, ауырып жатқандардың көңілін сұрап бару және

т.б. істердің бәрінің садақа болатынын баяндаған.

Сондықтан негізгі байлық, көңілдегі қанағатта

болады. Әркім қанағатының мөлшерінде бай.

Көңілі бай адамдардың күлімдеуі де садақа. Өйткені

көңілі бай кісі, күлімдеуімен өзі шаттық күйінде, әрі