218
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
айналасын да шаттандырады. Керісінше сараң көңілді
болғандар ешкімге жақсы ықпалын тигізбейді.
Хазіреті Али (радиаллаһу ғанһу) менХазіреті Фатима
(РадиАллаһу ғанһә) тек ауыз ашуға ғана тамақтары
бар болып тұрғанда, үш күн қатарымен міскін, жетім
және тұтқын келіп Аллаһ ризалығы үшін сұрағанда,
қолдарын қайтара алмай, өздеріне ғана жететін
тамақтарын оларға беріп, үш күн бойы тек сумен ауыз
бекітіп ораза ұстаулары нендей ұлы, нендей керемет
инфақ көріністері.
Ярмук соғысында жарақаттанып, жан тапсырғалы
жатқан үш сахабаға бір кесе су берілетін кезде
әрбіреуінің суды жарақаттанып шейіт болғалы жатқан
бауырына сыйлауы нәтижесінде ешбіреуінің су іше
алмай, шейіт болулары және олар сұраған бір кесе
судың торсықта қалуы да адам баласын таң қалдыратын
инфақ көріністері.
Бұл көріністер инфақтың ең жоғары дәрежесі
саналатын исар көріністері.
Исардың, яғни өзіне қажет болғанына қарамастан
ақысын дін бауырына беру жағдайының қазіргі
қоғамда жоқ делінетіндей аз мысалдары бар. Әрине,
зекет беруді үгіттеу керек. Ті ті одан ары ілгерілеу,
яғни инфаққа деген құштарлықты дәріптеп, осындай
істерді тәртіпті түрде ұйымдастыру қажет. Мұндай
қызмет шараларын ұйымдастыруларда Исламға қызмет
істейтін қайраткерлерді де дайындап шығару керек.
Аллаһтың Пайғамбары (СаллАллаһу ғаләйһи уе
сәлләм)нің білдіргені бойынша шөлдегендіктен тілі
тамағынажабысып қалған бір итке су берген күнәһар бір
әйел тек қана осы мархабаты себебінен мыңдаған күнәсі
кешірілген әрі Жәннатқа жеткен. Керісінше, үйдегі
мысығына мархабат көрсетпей, оны аш қалдырып
жүрген бір әйел Жәһаннамға түскен. Осы мысалдар