Previous Page  223 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 223 / 298 Next Page
Page Background

223

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

(Бақара сүресі, 264-аят)

Бұл аятта қайыр беру барысында қандай әдептілік

сақтау керектігі айқын түрде баяндалуда. Яғни, кедейді

ренжітіп, кекетіп әрі шілтей отырып істелген қайырдың

Аллаһ алдында ешқандай мәні, бағасы болмайды.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)айтқан:

«Үш кісі бар. Қиямет күні Аллаһ олармен сөйлес-

пейді. Оларға қарамайды әрі оларды ақтамайды. Олар

үшін күйзелтуші азап бар».

Пайғамбар (СаллАллаһу ғаләйһи уе сәлләм)нің осы

сөздерді үш рет қайталап айтқанын көрген Әбу Зәрр

(РадиАллаһу анһү):

«Аттары құрысын, армандарына жете алмасын,

зиянға ұшырасын! Бұлар қандай адамдар, уа

Расулаллаһ?» – деп сұрады.

Пайғамбар (с.а.у.):

«Киімін тәкаппарлығынан сүйретіп, кеудесін

көтеріп жүрген адам, бергенін шілтеп берген адам

және жалған ант етіп затын сатқ н саудагер»,

– деп

айтты.

1

Зекет, садақа сияқты қайыр істеріндегі маңызды

жағдайлардың тағы біреуі, жасырын беруге назар

аудару. Өйткені жария түрде берілген садақа, алған

кісінің арлану сезіміне зиян келтіреді. Уақыт өткен

сайын алуға үйреніп алады да, еңбек ету қайратын және

қалауын жоқ қылады. Сонымен қатар берген кісінің

істеген ісін жақсы көріп, мақтануына себеп болады.

Бірақ, садақа бергендердің және осындай қайыр

істегендердің кейде бір елге жарияланулары пайдалы

болуы мүмкін. Сол арқылы халықты кедей-кепшікке

жәрдем беруге түрткі салған болады. Құран Кәрімде

Хаққ Тағала былай айтқан:

«Садақаларды ашықтай берсеңдер бұл жақсы бір іс.