Previous Page  226 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 298 Next Page
Page Background

226

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

есептеледі. Алтын мен күмістің нисаб мөлшері тұрақты

болғанымен,хайуанаттыңНисабмөлшеріжәнеберілетін

зекет мөлшері хайуанаттың саны көбейген сайын өзгере

береді.

Зекет кімдерге беріледі

Аллаһ Тағала былай айтады:

«Аллаһ тарапынан парыз болып бұйырылған

Садақалар (зекеттер) тек пақырларға, міскіндерге,

зекет жинаушы қызметкерлерге, муәлләфәтул-қулуб

ретінде, құлдарға, борыштыларға, Аллаһ жолында

жүргендерге және жолда қалғандарға ғана беріледі.

Аллаһ ең жақсы Білуші, хикмет Иесі».

(Тәубе сүресі,

60-аят)

Осы көркем аят зекеттің кімдерге берілетінін өте

айқын білдіруде. Бұлар:

1. Пақырлар:Шариғатбойыншабайесептелмейтін,

яғни Нисаб мөлшеріне жетерлік мал-мүлікке ие

болмағандар. Бұл адамдар жұмыс істеп табыс тауып

жүрсе де зекет ала алады.

2. Міскіндер: Күндік жеп-ішетіні жоқ, түгі жоқ

пақырлар.

3. Зекет жинауға белгіленген қызметкерлер.

4. Муәлләфәтул-қулуб: Исламның жылы жүзін

таныту үшін, белгілі адамдарға беру. Зекет бұларға

Исламға деген көзқарастарын жақсартып, дінге тарту

мақсатымен беріледі. Бірақ мұндай кісілерге зекет

берілуі Хазіреті Омар (радиаллаһу ғанһу) дәуірінде

тоқтатылған. Сонымен қатар кейбір фақиһтер (Ислам

заңгерлері) қажет болса осындай кісілерге зекет беріледі

десе де, Ханафи мен Шәфий мәзһәбтары бойынша

қандай қажеттілік болса да зекет берілмейді.

5. Құлдар: Құлдықтан азат болатындарға зекет