228
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
алма, шабдол, өрік, қызанақ (помидор), болгар бұрышы
және балдыркөк сияқты. Өйткені мұндай өнімдер бір
жыл сақтауға шыдамайды.
6. Өшүрі берілетін өнім шығатын жер жаңбыр,
жылға немесе өзен суымен суарылса, оннан бірі; су
компрессорымен және сатып алынған сумен бүкіл
бір жыл немесе жарты жылдан көп уақыт суарылса,
жиырмадан бірі мөлшерінде өшүр деп аталған зекет
берілуге тиісті. Сонымен қатар зекет берілерде тұқым,
еңбек ақы, суару және дәрі сияқты қаражаттар есептен
алынбайды.
7. Зәйтүн, күнжіт және күнбағыстан өшүр берілген
болса, кейін бұлардан шығарылатын майлардан өшүр
берілмейді. Бірақ бұларды егушіден сауда-саттық
мақсатымен алған кісі қайтадан зекетін беруге тиісті.
8. Өнім әбден өсіп болған соң немесе жиналып-
терілген соң өшүрі беріле алады. Тіпті әлі шықпаған
немесе белгілі бір пішінге келмеген мәуелердің өшүрі
берілмейді. Бірақ бұлар шыққан әрі белгілі пішінге
келген соң иесі қаласа, өшүрін бере алады.
9. Өшүрі берілмей тұрып, орылған өнімнен немесе
бұтақтағы жемістен желінетін болса, өшүрін беру
ниетімен жеп, кейін өшүрін төлеу керек. Мысалы: Әбу
Ханифа (рахматуллаһи ғаләйһ) берген пәтуә бойынша
10 кг. жүзім терілген болса 1 кг. жүзімді немесе бағасын
өшүр деп төлеу керек.
`
Көкейлерді оятатын ғибадат
ХАЖЖ (Қажылық)
Исламның негізгі бес шартының біреуі болып
табылатын
қажылық,
пайғамбарлар
тізбегінің
алғашқысы Адам (ғаләйһиссәләм)нан ақырзаман
пайғамбары Хазіреті Мұхаммед (СаллАллаһу ғаләйһи
уе сәлләм)ге дейін көкей жылытарлық лебіздерге және